Су тасқынының алдын алу — маңызды іс. Биыл бірқатар өзен жағалаулары нығайтылып, жаңа бөгеттердің (дамбылар) салынуы тасқын қаупін болдырмауға септігін тигізеді. Аталған багыттағы іс-шаралар алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындыктың бір бөлігі. Аудан әкімі Нұрлан Қызбергенов бастаған жұмыс тобы Жайсаңбай ауылдық округінің жеріндегі «Қыл» бөгеті, «Құрдым» көлі, «Шалқар теңізі» аумақтарын аралады. Құрамында аудандық маслихат төрағасы Марат Тұрымов, табиғат қорғау саласының ардагері Омар Сақтағанұлы, аудандық, төтенше жадайлар бөлімінің, бастығы Азамат Жаналин жане Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы Теміржан Әмірханұлы бар топ қазіргі таңдағы ахуалды бағамдап, жиналған су деңгейі, судың сапалық құрамы және озге де маңызды жайттарды талқылады.