Инспектордың бір күні⚜️ Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватындағы қызметкерлер ауданымыздың табиғатын сақтап, қорғауда аянбай еңбек етіп келеді. Табиғаттың тепе -теңдігін сақтауда әр қызметкердің өзіне бекітілген жауапкершілігі мен міндеттері бар. Кең даламыздың тыныштығына жауапкершілікпен қарайтын жандар — мемлекеттік инспекторлар! ⚜️Шақалов Бақтияр Тасқынбайұлы 2007 жылдан бері мемлекеттік инспектор болып жұмыс жасайды. Бақтияр аға өзінің жұмысына адал және тиянақты. Бақтияр ағамыздың бір күндік жұмыс барысына келсек, резерват аумағында құқық бұзушылықты болдырмау, территориядағы киіктердің жай-күйін бақылау және биотехникалық шараларды жүзеге асыру. Табиғаттың тыныштығын сақтауда инспекторлардың еңбегі зор. Осындай жандардың арқасында табиғатымыз үйлесімді тіршілік ететініне сенімдіміз.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?