2026 жылдың 14 қаңтар күні резерват мекемесінде Ы.Алтынсарин ЖББОМ және Ырғыз гимназиясы оқушыларымен бірге “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. ✅Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ерекше қорғалатын аумақтардың маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды сақтау мен қорғаудың қажеттілігін ұғындыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. ✅Сабақ барысында оқушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерімен, олардың атқаратын қызметімен және табиғатты сақтаудағы рөлімен танысты. Сонымен қатар, табиғи мұраны қорғаудың қазіргі заманғы мәселелері талқыланып, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне, пікір алмасуына мүмкіндік жасалды. ✅Дөңгелек үстел оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға деген қызығушылығын күшейтуге бағыттал- ды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытуға оң ықпал етті.