Қыс мезгілінде балықтардың жаппай тұншығуының алдын алу мақсатында 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес Торғай зоологиялық қаумалы аумағындағы су айдындарында биотехникалық іс-шаралар жүргізілді. Аталған жұмыстар 2026 жылғы 12–14 қаңтар аралығында мекеменің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру бөлімінің басшысы А. Орынбасаровтың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға бас маман – мемлекеттік инспектор Қ. Алданов, табиғи кешенді қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары Н. Еділбаев, А. Сабыров, Ж. Ақтаев, Е. Нысанбай, М. Сейдахмет және көлік жүргізуші Ш. Бақшақбаев қатысты. Биотехникалық шаралар барысында Үлкен Айыркөл, Кіші Айыркөл, Ашқылды өзекшесі, Қармақкөл, Жаныскөл, Айыркөл көлдері мен Торғай өзенінің Нұрым өзекшесінде барлығы 300 ойық ойылып, қамыстан жасанды ауа жіберу түтікшелері орнатылды. Жүргізілген жұмыстар су айдындарындағы оттегі алмасуын қамтамасыз етіп, балық қорының сақталуына және табиғи тепе-теңдіктің бұзылмауына ықпал етеді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?