Биотехникалық іс-шаралар жүргізілді. Қыс мезгілінде су айдындарындағы балықтардың жаппай тұншығуының алдын алу мақсатында 2026 жылғы 13–15 қаңтар аралығында биотехникалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жұмыстар табиғи кешенді қорғау бөлімінің басшысы Ғ. Байниязовтың жетекшілігімен жүзеге асырылды. Іс-шараға мемлекеттік инспекторлар Е. Сарқытбай, Р. Афанасьев, А. Жұбаниязов, Нұра бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары Т. Ерішов, М. Көшербаев, Ә. Ізтілеу, Н. Жұбаназаров, сондай-ақ көлік жүргізуші Т. Өтегенов қатысты. 📌 Биотехникалық шаралар барысында Байтақ, Жарқамыс, Көккөл, Жыңғылдыкөл, Омар–Әбіш, Келтекөл, Іріңдікөл, Балықкөл, Шаңбай көлдерінде, сондай-ақ Торғай өзенінің салаларында барлығы 350 ойық ойылып, қамыстан жасалған жасанды ауа жіберу түтікшелері орнатылды. 🌿 Жүргізілген жұмыстар су айдындарындағы оттегі алмасуын қамтамасыз етуге, балық қорының сақталуына және табиғи экологиялық тепе-теңдіктің бұзылмауына оң ықпалын тигізеді.