Қысқы аэрация жұмыстары – қыс мезгілінде су айдындарында оттегінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін экологиялық-биотехникалық шаралар. Қысқы аэрацияның негізгі мақсаты: • Су астындағы тірі ағзаларды (балықтар, омыртқасыздар) оттегімен қамтамасыз ету; • Балықтардың қырылуын (қыста тұншығу құбылысын) болдырмау; • Су экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтау. Жұмыстардың негізгі түрлері: • Мұз жамылғысында арнайы ойықтар (лунка) жасау; • Қамыс-құрақ байламдарын орналастыру арқылы ауаның суға өтуін қамтамасыз ету; • Аэрациялық құрылғыларды (компрессор, сорғы) қолдану; • Су айдынының жағдайын тұрақты бақылау. 📌 Нәтижесі: Қысқы аэрация жұмыстары судағы оттегінің алмасуын жақсартып, биологиялық ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді. ✅(Фотода Тәуіп бөлімшесінің мемлекеттік инспектор-топ жетекшісі А. Мәлік және мемлекеттік инспекторлар Н. Кубенов, Ж. Қуанышұлы, Қ. Жүсіпбеков, Ғ. Омарбек, Д. Кари, Е. Башау, Т. Қалдан жүргізген жұмыстар көрініс тапқан.)