🌿 Танымдық эко-іс-шара өтті! 🌿 2026 жылдың 23 қаңтар күні Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінде Ырғыз гимназиясы оқушыларымен бірге «Өсімдіктер әлемі: гербарий жасап үйренейік» атты экологиялық-ғылыми танымдық шара ұйымдастырылды. Шара барысында ғылыми қызметкер Ә. Жаушыбаева оқушыларға дәрілік өсімдіктердің түрлері, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы қызықты мәліметтер ұсынды. 🌱 Теориялық бөлімнен кейін оқушылар өз қолдарымен гербарий жасап, өсімдіктерді дұрыс жинау мен кептіру жолдарын үйренді. Бұл шара оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. 🌍 Табиғатты танып — оны қорғауды үйренейік!