🌿 Сулы — батпақты өлкелердің маңызы! Экологиялық ағарту маманы Ә.Әбдірахманова мен ғылыми қызметкер Қ.Құлсейтова 2 ақпан – Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күніне орай аудан мектептерінің оқушыларымен «Сулы-батпақты өлкелердің маңызы» тақырыбында кездесулер  өткізді. 📌 Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сулы-батпақты алқаптардың не екенін түсіндіру, олардың табиғат пен адам өміріндегі маңызын ұғындыру және табиғатты қорғауға жауапкершілік сезімін қалыптастыру. 📌 Міндеттері:• сулы-батпақты алқап ұғымы туралы түсінік қалыптастыру;• аталған аумақтардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен таныстыру;• сулы-батпақты алқаптардың экожүйедегі (суды тазарту, құстардың мекені, балықтардың көбею ортасы) рөлін түсіндіру;• Қазақстандағы, соның ішінде жергілікті өңірдегі сулы-батпақты алқаптар туралы мәлімет беру;• оқушылардың экологиялық мәдениеті мен табиғатқа ұқыпты қарау дағдыларын дамыту;• табиғатты қорғау шараларына қатысуға қызығушылықтарын арттыру. Кездесу барысында оқушыларға сулы-батпақты алқаптардың биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы түсіндіріліп, табиғатты қорғау жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?