🏆 Жүлделі 3 орын! ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарларды қорғау дүниесі комитетінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 73 бұйрығы, 2026 жылдың 16 қаңтардағы №27-03/6 хаттамасымен бекітіліп Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты республикалық «Парктер шеруі–2025» табиғатты қорғау акциясының қорытындысы бойынша Қазақстандағы 31 ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (ЕҚТА) арасынан жүлделі III орынға ие болды. Осыған орай бас директор А. Бақтыбаев Экологиялық ағарту және туризм бөлімі қызметкерлерін және акцияға белсене атсалысқан бірқатар мамандарды Алғыс хатпен марапаттады. Әріптестерімізді құттықтаймыз және алдағы жұмыстарға табыс тілейміз!