🐢 Ортаазиялық тасбақа (Testudo horsfieldii) ‼️2026 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №351 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ортаазиялық тасбақаны 2040 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды. ✅Қысқаша мәлімет: Ортаазиялық тасбақа — Қазақстандағы бауырымен жорғалаушылардың ең кең таралған түрлерінің бірі. Орташа салмағы 1,1–1,8 кг, сауыт ұзындығы көбіне 16–20 см, кейде 30 см-ге дейін жетеді. Еркектері ұрғашыларына қарағанда кішілеу, құйрығы ұзынырақ келеді. Сауыттың үстіңгі бөлігі сарғыш-жасылдау, астыңғы жағы сарғылт түсті. Белсенділік кезеңі қысқа — жылына шамамен 3–4 ай (наурыздың соңы – маусымның соңы). Қыстап шыққаннан кейін көп ұзамай шағылысады. Ұрғашысы маусым ішінде 1–2 рет ұялап, әрқайсысына 2–4 жұмыртқадан салады. Жұмыртқалары эллипс пішінді (ұзындығы 4–5 см, ені шамамен 3 см) және 10–17 см тереңдікке көміледі. Шілде–тамыз айларында жас тасбақалар жұмыртқаны жарып шығады. Ортаазиялық тасбақа резерват территориясында кездеседі, тіркеуге алынған. Тыйым салу шарасы түрдің табиғи популяциясын сақтау мақсатында қабылданды. Бұл шешім зоолог-герпетолог ғалымдардың зерттеулері, мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асты.