Қыс – жабайы жануарлар үшін ең күрделі кезеңдердің бірі. Осыған орай «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» қызметкерлері Ш.Жебеген, М.Нұрланұлы, А.Байзол, көлік жүргізуші Д.Молдамұрат 2026 жылдың 19-21 ақпан күндері биотехникалық іс-шаралар жүргізіп, жануарларға қосымша азықтандыру жұмыстарын ұйымдастыруда. Жабайы шошқалар мен дала шіл құстарына арнап пішен және дәнді дақылдар дайындалды. Дала шіл құстары жиі кездесетін аумақтарға 5 арнайы астау орнатылып, дәнді дақылдар себілді. Сонымен қатар жабайы шошқалардың мекендеу аймақтарындағы қамыс жиектерінде арнайы з дана қоректендіру алаңдары әзірленіп, пішен мен дәнді азықтар орналастырылды. Бұл жұмыстар қыс мезгілінде жануарлардың қорек тапшылығын азайтып, олардың тіршілігін сақтауға бағытталған.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?