Дүниежүзілік су ресурстары күні жыл сайын 22 наурызда атап өтіледі. Бұл күн 1993 жылдан бастап БҰҰ-ның шешімімен тұщы судың маңыздылығын еске салу, су тапшылығы мәселесіне назар аудару және су ресурстарын сақтау мен ұқыпты пайдалануды дәріптеу мақсатында өткізіледі. Дүниежүзілік су ресурстары күні туралы негізгі мәліметтер: * Мақсаты: Таза ауыз судың жетіспеушілігі мәселесін шешу, су ресурстарын қорғау және үнемдеу мәдениетін қалыптастыру. * Тарихы: 1992 жылы БҰҰ-ның Рио-де-Жанейродағы конференциясында жарияланып, 1993 жылдан бастап ресми түрде тойланады. * Маңыздылығы: Су — экожүйенің маңызды элементі және экономиканың қозғаушы күші. Климаттың өзгеруі жағдайында суды үнемдеу — әр адамның борышы Жалпы Ырғыз ауданында орташа тереңдігі 1,5-2,5 м болатын үлкенді-кішілі 95 көл тіркелген. Олардың 29-ы Ырғыз, 54-і Торғай, 12-і Өлкейік өзендерінің көктемгі тасқын суымен толығады. Осы көлдердің 30-ы Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты және 38-і Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы (заказник) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орналасқан. Қазақстан мен Еуропаны жалғап, Орта Азияны қоныстап жүрген қанаттылардың құтты мекендерінің бірі, «Ырғыз-Торғай» өлкесі. Бұл өлкеде құстар үшін маңызды тіршілік кезеңін өткізеді. Сондықтан да, Ырғыз даласындағы сулы-батпақты алқап, тек қана Қазақстан да ғана емес Орта Азия да «маңызды орнитологиялық территориялар» қатарында тұр.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?