🌿 “Парктер шеруі – 2026” халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы 🌿 2026 жылдың 20 наурыз күні Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватында «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті. Аталған шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын насихаттау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шара барысында оқушылардың ұлттық нақыштағы төл қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, ардагер табиғат жанашырларының ақ батасымен ашылды. Келген қонақтар мен қатысушылар оқушылардың шығармашылығына, сондай-ақ резерват мамандарының еңбегіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді. 🌍 «Парктер шеруі» – тек бір күндік акция емес, ол табиғатты қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді, маңызды экологиялық бастама. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жоба халықтың белсенді қатысуының арқасында ауқымды қозғалысқа айналып отыр. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір тазалық жұмысы – келешек ұрпаққа жасалған қамқорлық.