Бір ұя – бір өмірге қамқорлық! «Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары және ғылыми қызметкер-орнитологпен бірге аудан орталығындағы №2 Ырғыз ЖББОМ және Ырғыз гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға ең алдымен жыл құсы “Қара сайрақ” туралы ақпарат айтылды. Сонымен бірге оқушылар құстарға арналған ұяларды жасап, мектеп ауласындағы ағаштарға орнатты.Бұл игі іс арқылы оқушылар табиғатқа жанашырлық танытып, құстарға қамқорлық көрсетудің маңызын түсінді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?