Құстарға қамқор болайық! «Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» Нұра, Дүкен , Жайсаңбай, Тәуіп бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары «Құстарға қамқор болайық» акциясы аясында мектеп оқушыларымен бірлесіп табиғатты қорғауға бағытталған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылармен бірге құстарға арналған ұяшықтар (ұялар) жасалып, олар ағаштарға бекітілді. Бұл жұмыстар құстарға қолайлы мекен жасауға, олардың санын сақтауға және табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға бағытталған. Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігі қалыптасып, қоршаған ортаға қамқорлық жасау мәдениеті нығая түсетіні анық.