🌿 Таза Қазақстан акциясының еліміз үшін маңызы 🌿 “Таза Қазақстан” табиғат қорғау акциясы аясында Бас директордың орынбасары Ә.Сәскебай және экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы Ш.Ақашова Ырғыз аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен кездесіп, “Таза Қазақстан акциясының еліміз үшін маңызы” тақырыбында мазмұнды экологиялық дәріс өткізді. Кездесу барысында акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру екені кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға табиғат тазалығын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екені айтылып, туған жерге деген жанашырлықты арттыру мәселелері көтерілді. Шара соңында игі бастаманы қолдау мақсатында ағаш тұқымдары отырғызылып, қоршаған ортаны көгалдандыруға үлес қосылды. Бұл – табиғатты қорғауға бағытталған нақты іс пен жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам. 🌱