🌿Таза Қазақстан- жарқын болашақ🌿 “Таза Қазақстан” табиғат қорғау акциясы аясында Бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары И. Жакенов және экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас маманы Ш. Ақашова Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ оқушыларымен кездесіп, “Таза Қазақстан – жарқын болашақ” тақырыбында экологиялық дәріс оқыды. Кездесу мақсаты: – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру; – экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлық көзқарас тәрбиелеу; – туған өлкенің табиғатын аялауға, тазалықты сақтауға шақыру; – табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану туралы білім беру; – жас ұрпақты табиғатты қорғау шараларына белсенді қатысуға баулу.