🚨 Өрт маусымына дайындық Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Ырғыз аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлесе отырып, өрт маусымына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында өрттің алдын алу, оны дер кезінде анықтау және жою тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру автокөліктерін дұрыс пайдалану, арнайы техникаларды тиімді қолдану және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету дағдылары пысықталды. Мұндай оқу-жаттығулар табиғи аумақтарды өрттен қорғау, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейтуге бағытталған.