🌿 «Парктер шеруі – 2026» аясындағы экологиялық дәріс 🌿 «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Аманкөл ауылындағы Т. Жаманмұрынов атындағы ЖББОМ «Резерват биоалуантүрлілігі» тақырыбында экологиялық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға резерват аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлер туралы кеңінен ақпарат берілді. Табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі насихатталды.