🌿 “Парктер шеруі” халықаралық акциясы аясындағы экологиялық шара 🌿 2026 жылдың 6 сәуір күні Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Ырғыз ауданы Ақши елді мекеніндегі М.Төлегенов атындағы ЖББОМ оқушыларымен кездесіп, “Резерват биоалуантүрлігі” тақырыбында танымдық экологиялық шара өткізді. 📌 Шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ туған өлкенің табиғи байлықтары мен биоалуантүрлілігі туралы білімдерін кеңейту. Сонымен қатар, оқушыларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызын түсіндіру және табиғатты аялауға шақыру басты назарда болды. 🌱 Осындай игі шаралар арқылы өскелең ұрпақтың экологиялық санасы қалыптасып, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдылары нығая түседі.