🐦 Құстарға қамқор болайық! 🌿 «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы және 1 сәуір – Құстар күніне орай резерват мамандары аудандық мектептерде бірқатар экологиялық шаралар ұйымдастырды. Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы туралы түсінік беру, оларды қорғауға шақыру және жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кездесу барысында оқушыларға құстардың түрлері, олардың тіршілігі мен пайдасы жайлы қызықты мәліметтер ұсынылып, танымдық әңгімелер жүргізілді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?