🌿 “Парктер шеруі” елді мекендерде жалғасуда 🌿 “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында экологиялық іс-шаралар аудан аумағындағы елді мекендерде өз жалғасын табуда. Резерват мамандары мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және туған жерді көгалдандыру бағытында түрлі жұмыстар ұйымдастырылуда. Акция аясында резерват мамандары Белшер, Мамыр, Дүкен негізгі мектебінде оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесулер мен дәрістер өткізді. Осындай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген белсенді көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?