🌿 “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясындағы экологиялық шара 🌿 “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас мамандары Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебінде “Резерват биоалуантүрлілігі” тақырыбында экологиялық шара ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға резерват аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, олардың табиғаттағы маңызы және биоалуантүрлілікті сақтау қажеттілігі туралы кеңінен ақпарат беріліп, тақырыпқа сай көрме ұсынылды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәселелері түсіндірілді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?