🌿” Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары мен экология кафедрасының оқытушыларының қатысуымен «Ақтөбе облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және олардың экологиялық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ♻️Іс-шара барысында өңірдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау, табиғи экожүйелерді қорғау және қазіргі таңдағы өзекті экологиялық мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғаудағы бірлескен іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар студенттер мен оқытушыларға арналған «Табиғи жәдігерлер» атты көрме ұйымдастырылып, онда резерваттың табиғи байлықтары, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстары жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынылды. Көрме қатысушылардың қызығушылығын арттырып, олардың табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?