Өрт маусымына дайындық. Нұра және Тәуіп бөлімшелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Жаттығу барысында қызметкерлерге өрт кезінде әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіз эвакуациялау жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін арттыру және жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.