🌿 «Парктер шеруі – 2026» 🌿 «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бас мамандары Ш. Ақашова және Қ. Бақшақбаева Ақтөбе қаласындағы Жас туристер орталығында экологиялық шара өткізіп және резерват биоалуантүрлігінен сыр шертетін көрме ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, туған өлкенің бай табиғи мұрасын насихаттау және биоалуантүрлілікті сақтауға деген жауапкершілікті арттыру. Көрме барысында қатысушыларға резерват аумағында кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы мәліметтер ұсынылып, сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлер жайында кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғаттың әсемдігін бейнелейтін фотосуреттер, танымдық материалдар мен көрнекіліктер көрермен назарына ұсынылды.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?