🌿 “Парктер шеруі–2026” Ақтөбе қаласында жалғасуда 🌿 “Парктер шеруі–2026” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде Ырғыз-Торғай резерваты , Эколргиялық ағарту және туризм бөлімі мамандарының қатысуымен экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызы, қоршаған ортаны сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында танымдық әңгімелер, сұрақ-жауап алаңы және қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?