Күзет – қорғау жұмыстары Табиғи кешенді қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары М. Қосыбек, М. Қосқожин және көлік жүргізуші М. Қалмаш резерват аумағында 10 күндік іссапарда болып, жоспарға сәйкес күзет-бақылау жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында бақылауға берілген аумақ толық қамтылып, табиғат қорғау талаптарының сақталуы қадағаланды, заңсыз әрекеттердің алдын алу жұмыстары жүргізілді . Сонымен қатар, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне мониторинг жасалды. Нәтижесінде құқықбұзушылықтар анықталмады.