2026 жылғы 10–19 сәуір аралығында Қазақстандағы Бетпақдала популяциясындағы ақбөкендердің көктемгі әуе санағы жүргізілді. Аталған маңызды іс-шараға Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (ҚБСА), «Охотзоопром» ӨБ РМҚК қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік инспектор Т.Төлепбергенов, «Өсімдіктер мен жануарларды қалпына келтіру» бөлімінің бас маманы Қ. Алданов және көлік жүргізуші – мемлекеттік инспектор Ж.Бағдат қатысты. Әуе санағы барысында Ырғыз–Торғай резерваты аумағындағы Өтеген, Ащыкөл, Жамбай, Қоскөл, Шалқар, Алакөл, Атанбас жерлері және Әйтеке би ауданының аумағы қамтылды. Нәтижесінде ақбөкендердің саны, таралу аймақтары мен көктемгі көші-қон ерекшеліктері зерттеліп, табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында маңызды деректер жинақталды.