🌿 “Парктер шеруі” елді мекендерде жалғасуда 🌿 “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында экологиялық іс-шаралар аудан аймағындағы елді мекендерде өз жалғасын табуда. Осы бағытта резерват мамандары Тәуіп, Жайсаңбай елді-мекендерінде экологиялық дәрістер оқып, оқушылармен кездесті. Қазіргі таңда экологиялық шаралардың, экологиялық дәрістердің маңызы өте үлкен, өйткені олар адамдардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.