«Таза Қазақстан – Парктер шеруі 2026» акциясы аясында Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бірлескен экологиялық сабақтары өтті. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы мен Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының бірлескен іс-шаралары аясында Арал ауданының арнайы орта білім беру ұйымдарында танымдық-экологиялық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында №220 және №292 мектептердің оқушыларына «Резерват биоалуантүрлілігі» тақырыбында мазмұнды дәрістер оқылып, қорықтар мен резерваттардың табиғатты қорғаудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға өңірдегі сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері, олардың тіршілік ету ортасы, сондай-ақ табиғатты сақтау мен қорғаудың өзектілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сабақтар интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. 🌿 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?