«Ырғыз –Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-сі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы территориясында орналасқан Нұра, Тәуіп селолық округтарының әкімшілік жерлерін қамтиды. Физико-географиялық аудандары Қазақстанның далалық жүйелер құрылымының шөл-шөлейтті ландшафты зоналарын құрайды. Мұндай аймақтарда эфемерлер мен эфемероидтар, шөлге төзімді өсімдіктер өседі. Түр — тұқымына қарағанда аумақта өсімдік әртүрлі (439 түр): Көктемде өзен – көлі қар суымен толығады, жазда кеуіп, тартылып қалады. Топырақ қабаты негізінен құнарсыз. Өзен – көлі суға толысқан кезде Ырғыз – Торғай даласы алуан түске боялады: бидайық, қамыс құрақ, қоға, көде (еркек), жантақ, адыраспан, жусан, шеңгел, жыңғыл, тобылғы, изен т.б. Саны бойынша екінші орынды гидрофиттер, яғни сулы өсімдіктер алады. Нұра жотасының оңтүстігін бойлап, далалық жерлер мен шабындықты алқаптар қалыптасқан аймақтарда бидайық, барқын, қызылмия, сексеуіл, жыңғыл тоғайлары орын тепкен, ал төмендей келе жантақ, бұйырғын, жусан, балықкөз, сүттіген, кәдімгі торсылдақты аймақтар алып жатыр. Далалық жерлерде сирек кездесетін ҚР «Қызыл кітабына» енген Леман қызғалдағы құмды аймақтағы ылғалды табандық Көлшеген жерінде табылған өсімдік. Табиғи резерват аймағында кездесетін дәрілік өсімдіктер дүниесі өлкенің бай табиғи ортасы болуымен ерекшеленеді. Дәрілік итмұрын, киікоты, жалбыз, адыраспан, андыз, мия өсімдіктері аңғарлы, ылғалды Жыланды, Жанбай бұлақты аймақтардың еншісіндегі табиғат дәрумендері. Біздің мақсатымыз осы табиғи құнды байлықтарымызды қорғау, насихаттау