«Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімінің басшысы Т.Сарыбаев, мемлекеттік инспектор Н.Кішкентаев болып 2026 жылдың 23 – 25 сәуір күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Туралинмен «Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» аумағында киік популяциясының (көктемгі) жайылымдық алқаптарындағы жем шөптік (азықтық) қорын кешенді зерттеу мақсатында маршруттық экспедиция ұйымдастырды. Экспедицияның міндеттері: -«Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» аумағының жайылымдық әлеуетін, жабайы өсетін жем шөптік (азықтық) өсімдіктердің түрлік құрамын және олардың тіршілік формаларын зерттеу; -«Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» шегіндегі жайылымдық фитоценоздарға кешенді геоботаникалық бағалау жүргізу; -«Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» жайылымдарының қазіргі экологиялық және шаруашылық жағдайына кешенді баға беру; -«Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» жайылымдарының энергетикалық тиімділігін анықтау. Зерттеу барысында территория №1, №2, №3 үлескеге бөлініп бақыланды. Нәтижесінде №3 үлескіде түрлік әртүрлілігі жоғары, жобалық (проективтік) жамылғы толыққа жуық және биомасса қоры жеткілікті. Бұл үлескі (учаске) киіктер үшін көктемгі кезеңде жоғары сапалы азықтық ресурс көзі болып табылатындығы анықталды.