“Парктер шеруі – 2026” табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған байқаулар өз мәресіне жетіп, арнайы комиссия отырысы арқылы үздік жұмыстар таңдалды. Байқауға қатысқан оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Қатысушылардың жұмыстары мазмұны, көркемдік ерекшелігі және тақырыпты ашу деңгейі бойынша сараланып, үздік туындылар іріктелді. Белсенділік танытып, ерекше еңбегімен көзге түскен қатысушылар акцияның жабылу салтанатында марапатталатын болады. Табиғатты қорғауға үлес қосып, белсенді қатысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!