18 мамыр — Халықаралық музей күніне орай Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған арнайы көрмеге қатысып, табиғат пен тарихты насихаттайтын құнды жәдігерлер мен танымдық материалдарды қонақтар назарына ұсынды. Көрме барысында резерват аумағындағы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғи ерекшеліктер, экологиялық маңызы жоғары мәліметтер таныстырылып, келушілерге туған өлкенің табиғи мұрасын қорғаудың маңыздылығы кеңінен насихатталды. Шараға келген қонақтар көрмені қызығушылықпен тамашалап, табиғат пен тарихтың өзара байланысы туралы мол мағлұмат алды. Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи-мәдени және табиғи мұраларды қастерлеуге тәрбиелейді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?