🌿 «Таза Қазақстан: “Мөлдір бұлақ”» акциясы аясында резерват аумағында табиғатты қорғау және тазалық жұмыстары жүргізілуде. ✅ Акция барысында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, бұлақ көздерінің маңын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. 🌱 Табиғатты аялау — әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай экологиялық шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, табиғи су көздерін қорғауға және туған жердің көркеюіне үлес қосады.