Туристік маусымның ашылуына байланысты Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Шалқар тебізі» туристік маршрутына абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында маршрут аумағы қоқыс қалдықтарынан тазартылып, ыстық атпа суы бассейіні боялып, демалушыларға арналған орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар, туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылып, табиғи ортаның тазалығы сақталды. Аталған жұмыстар табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ішкі туризмді дамыту бағытында ұйымдастырылды. Резерват қызметкерлері алдағы уақытта да туристік маршруттарда абаттандыру және табиғатты қорғау шараларын тұрақты түрде жалғастырады.