🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Таза су айдындары» атты сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында қызметкерлер Ырғыз өзенінің жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, табиғи ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар атқарды. Нәтижесінде өзен бойынан 4 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы орындарға шығарылды. 🌱 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты алдағы уақытта да табиғатты қорғау және тазалық бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?