Таза табиғат – таза туристік маршрут Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты аумағында «Малайдар көлдер жүйесі» туристік маршруты, сондай-ақ «Торғай–Нұра» және «Шалқар–Тебіз» туристік-экскурсиялық маршруттары жұмыс жасап келеді. Барлық маршруттардың туристік маусымы жыл сайын 1 маусымнан басталып, 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Биыл да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында дәстүрлі түрде туристік маусымның ашылуы қарсаңында «Таза табиғат» атты тазалық акциялары ұйымдастырылды. Мекеме қызметкерлері ағымдағы жылдың 23–25 сәуірі аралығында «Шалқар–Тебіз» және «Малайдар көлдер жүйесі» туристік маршруттарында іссапарда болып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жалпы көлемі 155 кг қоқыс қалдықтары арнайы қапшықтарға жиналып, қоқыс полигонына шығарылды. Туристік маршруттарда тұрақты түрде жүргізілетін мұндай тазалық шаралары табиғат аясында демалушыларға қоршаған ортаны аялаудың маңызын насихаттап, келушілерге туған жер табиғатын таза ұстауға үлгі боларлық игі іс болып табылады.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?