Қазақстандағы киік саны рекордтық деңгейге жетті! 2026 жылғы көктемгі әуесанақ қорытындысы бойынша еліміздегі киіктердің жалпы саны 4 689 000 басқа жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда +17,9% өсім. Жайық популяциясы – 2,7 млн, Бетпақдала – 1,87 млн, Үстірт – 119 мың бас. Киік – Қазақстан даласының символы және табиғи байлығымыздың ажырамас бөлігі. Ғылыми мониторинг пен тиімді басқару нәтижесінде оның саны тұрақты өсіп келеді. Табиғатты сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?