”Жас зерттеушілер” атты ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру және экологиялық білім беру болды. Ашық есік күніне мектеп оқушылары мен табиғатқа қызығушылық танытқан жас зерттеушілер қатысты. Жас зерттеушілерге арнайы экскурсия ұйымдастырылып, табиғат бұрыштары мен коллекциялық материалдар көрсетілді.