2026 жылдың 1 шілде күні жоспарға сәйкес резерват қызметкерлеріне төмендегі тақырыптар бойынша лекциялар оқылды. 1. «Қоғамның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында Табиғи кешенді қорғау бөлімінің басшысын м.у.а. Т. Төлепбергенов баяндама жасап, қоғамдағы адалдық қағидаларын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне тоқталды. 2. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында “Өсімдіктер мен жануарларды қалпына келтіру” бөлімінің бас маманы Қ. Алданов лекция оқып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін дамыту және оны күнделікті қызмет барысында кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?