Ғылыми ақпараттық және мониторинг бөлімі мамандары Ырғыз өзені жағалауы және N2 Қосбүйрек учаскесінде ғылыми мақсатта омыртқасыз жануарлардың түрлік құрамын анықтау, таралу ерекшеліктерін бақылау және табиғи ортасын зерттеу жұмыстары атқарылды Зерттеу кезінде әртүрлі биотоптардан насеком үлгілері жиналып, олардың экожүйедегі рөлі мен маңыздылығына назар аударылды. Сонымен қатар сирек кездесетін және табиғат үшін пайдалы түрлерді анықтау бағытында мониторинг жүргізілді. Жиналған ғылыми материалдар алдағы уақытта ғылыми зерттеулерге, биоалуантүрлілікті сақтау жұмыстарына және табиғи экожүйелердің жағдайын бағалауға пайдаланылатын болады.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?