2026 жылғы жоспарға сәйкес мемлекеттік инспекторларға төмендегі тақырыптар бойынша оқыту сабағы өткізілді: 1. Экологиялық ағарту жұмыстарының нәтижелері — Экаағарту бөлімінің бас маманы Ә.Әбдірахманова; 2. Мемлекеттік табиғат резерват территориясындағы аншлагтар мен белгілерді жаңарту жұмыстары — Өсімдіктер мен жануарларды қалпына келтіру бөлімі маманы Қ.Алданов; 3. Әкімшілік хаттама толтыру тәртібі және хаттама толтыру мерзімдері- заңгер Қ.Сапарбаева; 4. Фенологиялық алаңдар бойынша атқарылған жұмыстар- ғылыми қызметкер Д.Құлынбай; Сабақ барысында инспекторларға аталған бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?