Резерватта ғылыми-техникалық кеңес өткізілді. Кеңесте табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу және экологиялық қауіпсіздік бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Жиын барысында резерват аумағындағы табиғи кешендерді сақтау, ғылыми мониторинг жүргізу және өрт қауіпсіздігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 📌 Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. «Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясының қорытынды есебі – экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы А. Жұбаниязов баяндама жасап, акция аясында өткізілген іс-шаралар мен оның нәтижелеріне тоқталды. 2. Фенологиялық бақылау алаңдарындағы зерттеу жұмыстары мен гербарий қорын толықтыру нәтижелері бойынша ғылыми қызметкер Д. Құлынбай ақпарат беріп, өсімдіктер дүниесіне жүргізілген бақылаулар мен ғылыми материалдарды жинақтау жұмыстары таныстырылды. 3. Далалық өрттердің алдын алу және өртке қарсы жыралар жасау жұмыстары туралы бөлімнің бас маманы Қ. Алданов баяндап, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берді. Кеңес соңында қатысушылар алдағы кезеңге арналған жұмыстарды талқылап, табиғатты қорғау және ғылыми бағыттағы жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар қарастырды.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?