Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ырғыз ауылында «Тазалық марафоны» экологиялық акциясы өткізілді. Аудандық мекеме-кәсіпорын ұжымдары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар мен еріктілердің қатысуымен Ырғыз ауылындағы «Сабынды көл» жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жағалау аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды. Аталған шараға 300-ге жуық адам ұйымшылдықпен атсалысып, туған жерге деген жанашырлығы мен азаматтық жауапкершілігін көрсете білді. Қатысушылар табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар тұрғындардың экологиялық санасын арттырып қана қоймай, туған өлкенің табиғи келбетін сақтауға және келешек ұрпаққа таза қоршаған орта қалдыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?