Таза Қазақстан жоспарына сәйкес Нұра бөлімшесі инспекторлары “Таза су айдындары» тазалық акциясын өткізді. Таза табиғат – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. 🌿 «Таза су айдындары» экологиялық акциясы аясында өзен-көл жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Акцияның басты мақсаты – су айдындарының тазалығын сақтау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру. Таза су – тіршіліктің бастауы. Әрбір жиналған қоқыс табиғатты қорғауға қосылған үлес екенін ұмытпайық!