Резерват аумағында бақылау жұмыстары жүргізілді Ағымдағы жылдың 10–11 шілде күндері резерват басшылығы тарапынан іссапар ұйымдастырылып, резерват аумағында қызмет атқарып жүрген топтардың жұмыс барысы бақылауға алынды. Сапар барысында резерват аумағы зерделеніп, қызметтік үйлердің жай-күйі қаралды. Сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі және қызметкерлердің еңбек жағдайлары бағаланды. Бақылау нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстарды одан әрі жетілдіру бағытында нақты міндеттер айқындалды. Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.