БАЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ «Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» және Торғай зоологиялық қаумалы аумағындағы өзен-көлдерде су деңгейінің төмендеуіне байланысты балықтардың жаппай қырылуының алдын алу мақсатында құтқару жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар Тобыл–Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды. 🔹 Мамандар су айдындарының жағдайын бақылап, балықтардың шоғырланған учаскелерін анықтады; 🔹 оттегі тапшылығы мен су деңгейінің төмендеуінен зардап шегуі мүмкін балықтарды қауіпсіз су айдындарына көшіру жұмыстары жүргізілді; 🔹 судағы биоресурстардың сақталуына бағытталған қажетті шаралар қабылданды; 🔹 табиғи су айдындарындағы экологиялық жағдайға бақылау күшейтілді. Жүргізілген жұмыстардың басты мақсаты – су биоресурстарын сақтау, балықтардың жаппай қырылуына жол бермеу және табиғи экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 🌱 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Су айдындарын сақтау арқылы біз табиғи биоалуантүрлілікті қорғауға және келешек ұрпаққа табиғи байлығымызды аман жеткізуге үлес қосамыз.