«ТУРИЗМ LIFE – 2026»: ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕСТІК, БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК! 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен «Туризм Life – 2026» аудандық фестивалі өтті. Ауқымды шараға Ырғыз аудандық кітапханасының ұжымы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жастар орталығы және резерват қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Фестивальдің басты мақсаты – туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Табиғат аясында ұйымдастырылған шара барысында қатысушылар командалық ойындар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, өздерінің ұйымшылдығын, тапқырлығын, шапшаңдығы мен белсенділігін көрсетті. Жеңіске жеткен командаға диплоп мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, табиғат аясында сергіп, бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. «Туризм Life – 2026» фестивалі – табиғатты аялау, белсенді демалыс пен достықты тоғыстырған ерекше мереке болды!

WeCreativez WhatsApp Support
Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламыз?